Accessibility links

Australian Open жеребесі тартылды


Зарина Дияс.
Зарина Дияс.

Бүгін, 11 қаңтарда Мельбурнде теннистен Австралия ашық чемпионатының (Australian Open) жарысының жеребесі тартылды. Grand Slam турнирі 15-28 қаңтар арасында өтеді.

Қазақстандық Юлия Путинцева (әлемнің 50-ракеткасы) бірінші айналымда ұлыбританиялық Хезер Уотсонмен (74) ойнайды. Ал Зарина Дияс (60) румыниялық Сорана Кырстямен (37) кездеседі.

Ерлер арасында Михаил Кукушкин (68) алғашқы айналымда Петер Гоевчикпен (65) кортқа шығады.

Оқи отырыңыз: Зарина Дияс кім?

Қазақстандық Александр Бублик пен Дмитрий Попко қазір іріктеу жарысына қатысып жатыр. Олар іріктеуден өтсе ғана негізгі кезеңде ойнайды.

Australian Open - енетін әлемдегі жүлде қоры ең көп Grand Slam жарыстар санатына енетін теннис турнирі. Бұл жарыста былтыр жеңіске жеткен америкалық Серена Уильямс денсаулық жағдайына байланысты биыл қатыспайды. Ал ерлер арасындағы жеңімпаз Роджер Федерер биыл өз атағын қорғауы тиіс.

XS
SM
MD
LG