Accessibility links

Украинаның үш жауынгері Донбаста оққа ұшты


Украина полициясы Новолуганск ауылындағы қираған балабақшаны қарап тұр. Донецк облысы, 20 желтоқсан 2017 жыл. Көрнекі сурет.
Украина полициясы Новолуганск ауылындағы қираған балабақшаны қарап тұр. Донецк облысы, 20 желтоқсан 2017 жыл. Көрнекі сурет.

Украина әскерилері ел шығысында болған қақтығыстарда үш жауынгерінің мерт болып, төртеуі із-түссіз жоғалғанын хабарлады.

Қаңтардың 11-і күнгі Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ресей қолдайтын сепаратистер пулемет, гранатомет, минаметтен оқ атып, бірнеше рет оқ атуды тоқтату туралы аралық келісімді бұзған.

Сепаратистер де Украинаның оғынан екі бейбіт тұрғын жараланғанын айтады.

Украинаның шығысында Киев күштері мен Донецк, Луганск облыстарын басып алған Ресей қолдайтын сепаратистер арасында қарулы қақтығыс 2014 жылдың сәуірінде басталған. Содан бері 10 мыңнан астам адам мерт болған.

Оқ атпау туралы Минск келісімдері бірнеше рет бұзылып, іске аспаған. Соңғы рет екі тарап 2017 жылдың соңында мәміле қылған еді.

XS
SM
MD
LG