Accessibility links

Ресейде министрлік қызметкерлерінің диссертациясын тексермек


Ресей білім және ғылым министрі Ольга Васильева
Ресей білім және ғылым министрі Ольга Васильева

Ресей білім және ғылым министрінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының ғылыми дисертацияларын плагиатқа тексереді. Бұйрыққа білім және ғылым министрі Ольга Васильева қол қойған. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттіктері хабарлады.

Егер министрлік қызметкерлерінің диссертациясынан плагиат табылса жұмыстан шығады. Қазір министрлікте жұмыс істейтін 13 қызметкерде ғылыми дәреже бар. Ал министр Васильеваның өзі тарих ғылымдарының докторы.

Министрлік бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Бұған дейін Якутия тұрғыны "Диссернет" ұйымының белсендісі Виктор Пинигин білім және ғылым министрінің орынбасары Григорий Трубниковтың ғылыми жұмысында плагиат бар деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG