Accessibility links

Шымкентте "Шұбаркөл көмірі тапшы"


Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі көмір орталығының бірі. Шымкент, 12 қаңтар 2018 жыл.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі көмір орталығының бірі. Шымкент, 12 қаңтар 2018 жыл.

Шымкентте көмір сатушылар мен алушылар Шұбаркөл көмірі 3 қаңтардан бері келмей жатқанын айтады. Қала әкімдігі қаладағы көмір тапшылығын жоққа шығарады.

Жаңаталап ауылының тұрғыны Нұрхан Абдировтың сөзінше, қаңтардан бастап Шұбаркөл көмірін табу қиындаған. Ол тұрғындардың көбі Шұбаркөл көмірін жағатынын, Майкөбе көміріне сұраныс аз екенін айтады.Тұрғындардың сөзінше, Майкөбе көмірі "дұрыс жанбайды, бірақ амалдың жоғынан осы көмірді жағып отыр"

ВИДЕО: Шымкентте көмір тапшы

Шымкентте көмір тапшы
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:18 0:00

Оңтүстік Қазақстан облысының көмір орталығының өкілі Ануар Томанов Азаттыққа 10 күннен бері Шұбаркөл көмірі келмегенін растады.

«Жылу маусымы басталғанда Шұбаркөл көмірінің тоннасы 16 500 теңге болса, қарашадан бастап 13 мың теңгеге түсті. 3 қаңтардан бастап Шұбаркөл көмірі жоқ. Сұраныс көп. Келісім-шарт жасалған жылыжаймен айналысатын кәсіпкерлердің өзіне көмір жеткізіп бере алмай отырмыз. Неліктен келмей жатқанын өзіміз де білмейміз» дейді ол.

Ал қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің өкілі Гүлназ Шодманова Шымкентке 15 вагон Шұбаркөл көмірі келгенін, қалада көмір тапшылығы жоқ екенін айтады.

Қыс басталғалы Қазақстанның бірнеше аймағында көмір тапшылығы байқалған

Көре отырыңыз: Алматыда көмір тапшы

Алматыда көмір әлі тапшы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:22 0:00

XS
SM
MD
LG