Accessibility links

Дональд Трамп Лондонға бармайды


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй (сол жақта) мен АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта).
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй (сол жақта) мен АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта).

АҚШ президенті Дональд Трамп ақпанда Лондонға бармайтын болды. Трамп келесі айда Лондонға жұмыс сапарын жоспарланған. Ол Ұлыбритания астанасында АҚШ елшілігінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысуы тиіс еді.

Трамп Twitter парақшасында елшіліктің ашылуына қатысқысы келмейтінін жазған. Ол Барак Обаманың әкімшілігі бұрынғы ғимаратты арзанға сатып, жаңа ғимаратты қымбатқа салды деп айыптады.

Ал британиялық басылымдардың пайымдауынша, Трамп Лондонға келсе оның сапарына қарсы шеру өтеді деп қауіптенеді. Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Трампты Лондонға өткен жылы шақырған. Бірақ британиялық заң шығару орындары Трамптың парламентте сөз сөйлеуіне қарсы шыққан.

XS
SM
MD
LG