Accessibility links

ІІД: Боранда адасқан мұғалімнің өлі денесі табылды


Солтүстік Қазақстан облысының картасы.
Солтүстік Қазақстан облысының картасы.

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында 11 қаңтарда жоғалып кеткен мектеп мұғалімнің өлі денесі табылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

Департаменттің мәлімдеуінше, 20 жастағы ер адамның денесі өзі тұрып жатқан Береке ауылынан 10 километр жерден табылған. Мәйіттен жарақат іздері байқалмаған. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Береке тұрғыны 11 қаңтарда қатты боран кезінде мектептен ауылға қайтар жолда жоғалып кеткен. ІІД ер адам боран кезінде адасып қалуы мүмкін деп божайды. Ер адамды іздеуге полиция, жергілікті тұрғындар мен еріктілер атсалысқан.

Астана қаласы денсаулық сақтау басқарамасы қаладағы боран кезінде бірнеше адам жарақат алған. 50 жастағы тұрғын бас-ми жарақатымен жансақтау бөлімінде жатыр.

XS
SM
MD
LG