Accessibility links

ОҚО: Бұрынғы мектеп директоры қамалды


Фирдауси атындағы жалпы орта мектептің оқушылары мен мұғалімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Фердауси ауылы, 14 қыркүйек 2017 жыл.
Фирдауси атындағы жалпы орта мектептің оқушылары мен мұғалімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Фердауси ауылы, 14 қыркүйек 2017 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Фирдауси жалпы орта мектебінің бұрынғы директоры екі айға қамалды деп хабарлайды Азаттыққа Мақтарал ауданының №2 сотының судьясы Абай Ниязбеков.

Абай Ниязбековтың айтуынша, "Фирдауси мектебінің бұрынғы директоры Кобилхожа Басиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірген".

Қоғамдық қорғаушы Айгүл Орынбектің айтуынша, "Басиевтің үстінен мектептің қазіргі директоры Жанар Мамырова шағым түсірген. Мамырова Басиевті Тәжікстаннан келген оқушыларға "аттестат сатты" деп айыптайды. Қазір жалған аттестаттың екеуі анықталған". Айгүл Орынбек - осы істе Жанар Мамырованың қоғамдық қорғаушысы.

XS
SM
MD
LG