Accessibility links

Шымкентте банк филиалының төрағасына іздеу жарияланды


Оңтүстік Қазақстан облысының картасы.

Бүгін, 12 қаңтарда Шымкенттегі әл-Фараби аудандық полиция бөлімі қаладағы банктердің бірінде филиал төрағасы болған Нұржан Көлбаевқа іздеу жариялады. Ол салымшылардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденді деп айыпталған. Бұл туралы Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

45 жастағы Нұржан Көлбаевқа қылмыстық кодекстің "алаяқтық" бабы бойынша айып тағылып, іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу басталған.

Департаменттің хабарлауынша, "қазір полицейлер Нұржан Көлбаев болуы мүмкін мекен-жайларды тексеріп, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр".

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG