Accessibility links

Уэллс: "Трамп-Назарбаев кездесуінде инвесторлар жайы айтылады"


АҚШ президенті Дональд Трамп сол жақта, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев оң жақта. Көрнекі сурет.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары қарсаңында АҚШ мемлекет хатшысының Орталық Азия және Оңтүстік Азия бойынша көмекшісі Элис Уэллс журналистермен телефон конференциясын өткізді.

Астана уақытымен 17:00-де басталған телефон конференциясына Қазақстан мен Қырғызстан журналистері қатысты.

Элис Уэллске негізінен Американың Қазақстан және Орталық Азиямен саяси-экономикалық қарым-қатынасы жайында сұрақтар қойылды.

Кіріспе сөзінде Элис Уэллс: "президент Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдайтынымызға қуаныштымыз" деді.

Уэллс Америкадағы кездесу кезінде Трамп пен Назарбаев арасында қандай әңгіме болатынын да айтты.

Элис Уэллс, АҚШ мемлекет хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі
Элис Уэллс, АҚШ мемлекет хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі

- Біз Қазақстанмен экономикалық диверсификацияны кеңейтуге байланысты әңгімені жалғастырамыз. Қонақжай, іскер климаттың қалыптасуын қолдаймыз. Өйткені Қазақстанға шетелдік инвестицияның тартылуына дәл осы жайт себеп. Америкалық инвесторлар мемлекетке қаржы салар кезде бірінші кезекте осы елде жұмыс істеп жатқан компанияның жетістіктеріне көңіл аударады. Сондықтан, біз келісім-шарттарға деген құрметті қамтамасыз етуге және бар мәселелерді шешуге тырысамыз, - деді Уэллс.

Конференция барысында Қырғызстан, Өзбекстан мен Ауғанстан мемлекеттері жайында да әңгіме болды.

АҚШ мемлекет хатшысының көмекшісі Американың «Орталық және Оңтүстік Азия стратегиялық келісімі негізінде әрдайым Орталық Азиядағы экономикалық байланысты қолдайтынын» мәлімдеді. Өкіл Өзбекстанның аймақта маңызды экономикалық рөл атқаратынын, Қырғызстанның сөз бостандығы тұрғысынан өңірде көшбасшы екенін, ал, Ауғанстанның болашағы Орталық Азиямен бірігіп қимылдауына байланысты екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16-18 қаңтар күндері АҚШ-қа ресми сапармен барады. Сапар аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен және осы елдің ресми, іскер топ өкілдерімен кездесіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысу жоспарланған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG