Accessibility links

АҚШ елшісі бұдан ары президентке қызмет ете алмайтынын айтты


Трамптың компаниясы иелік ететін Trump Ocean Club қонақүй, Панама. (Көрнекі сурет.)
Трамптың компаниясы иелік ететін Trump Ocean Club қонақүй, Панама. (Көрнекі сурет.)

АҚШ-тың Панамадағы елшісі Джон Фили бұдан соң президент Дональд Трампқа қызмет атқара алмайтыны туралы мәлімдеп, отставкаға кетуге өтініш берген. Бұл туралы хабарлаған Reuters агенттігі дипломаттың сөзін келтірген.

"Дипломатиялық қызметкер ретінде мен президент пен оның әкімшілігіне саяси көзқарасыма қарамастан, тіпті басшылықтың кей саяси қадамдарымен келіспесем де адал қызмет етуге ант қабылдағам. Жетекшілерім маған егер әлгіндей қызмет атқара алмайтын болсам, онда абыроймен отставкаға кетуім дұрыс болатынын айқын ұқтырған. Сол уақыт келді" делінген дипломаттың хаттында.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Филидің жұмыстан кететіні туралы ақпаратты растаған және оның өз шешімі жөнінде Ақ үй мен Панама үкіметін хабардар еткенін айтқын. Мемлекеттік департамент өкілі дипломат "жеке себептерге" байланысты шешім қабылдаған деп түсіндірген. Оның хабарлауынша, Джон Фили наурыздың 9-ында қызметінен босатылады.

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Стив Голдштейн қаңтардың 12-і күні Филидің отставкасы президент Дональд Трамптың кей мемлекеттердің атына айтқан сөздерімен байланысты емес деп мәлімдеген. Голдштейн елші Филидің отставкаға кететіні туралы президенттің әлгі сөзінен бір күні бұрын хабардар болғанын, оның "өз еркімен" қызметтен кету шешіміне түсініктіс танытатыны айтады.

Бұның алдында президент Трамп Гаити мен Африкадағы кей дамушы елдерден келетін мигранттарға қатысты айтқан сөзі үшін сынға қалған. Баспасөз құралдары президент дөрекі сөз араластырып сөйледі деп хабарлаған. Кейін Трамп мигранттардың келуіне қарсылық білдіргенімен, дөрекі сөз қолданбағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG