Accessibility links

Ресейлік белсенді әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің Мәскеу облысындағы Коломна қаласында азаматтық белсенді Валентин Соколовты әлеуметтік желіде "өшпенділік қоздырғаны" үшін сот үкімімен үш жылға бас еркіндігінен айырылған. Белсендіні сот залында қамауға алған. Бұл туралы Соколовтың әйеліне сілтеме жасап Facebook әлеуметтік желісінде ресейлік белсенді Вячеслав Егоров хабарлаған.

Әлеуметтік желілерде жариялаған видео және суреттер үшін Валентин Соколовтың үстінен "өшпенділік қоздырған" және "адамның ар-намысын қорлаған" деген айыптармен қылмыстық іс қозғалғаны туралы қаңтардың 10-ы күні белгілі болған. Тергеушілер белсенді "Одноклассники" әлеуметтік желісінде жариялаған сурет пен жазбаны «орыстарға қарсы өшпенділікті қоздырады», ал Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған екі видеороликті «расистік сипатта» деп тапқан.

Соколов болса "Одноклассники" желісіндегі парақшасына "Мұндай сандырақты айту үшін қаншалықты есуас болу керек десеңізші. Әлде әдейі қоздырып отыр. Оқуға қорқасың" деген комментарий жазып, даулы суретті басқа біреудің парақшасынан көшіріп жариялағанын айтады.

Алайда көшіріп жариялаған кезде сурет қолданушының парақшасында және "Әртүрлі" папкасында сақталып қалады, тергеу орындарының белсендіге айып тағуына да осы себеп болған деп хабарлайды ОВД-Инфо сайты.

XS
SM
MD
LG