Accessibility links

Алматы-1 темір жол вокзалынан адамдарды шұғыл шығарған


Алматы темір жол вокзалында. (Көрнекі сурет.)
Алматы темір жол вокзалында. (Көрнекі сурет.)

Қаңтардың 13-і күні Алматы-1 темір жол вокзалы аумағынан табылған "күдікті қорапқа" байланысты адамдарды эвакуациялаған деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары. Tengrinews.kz және newtimes.kz сайттары Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап хабарлауынша, күдікті зат табылған жерге барлық жедел қызметтер барған.

"Жалпы саны 10 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Темір жолда тұрған төрт жолаушы пойызындағы жолаушылар да эвакуацияланды. Саперлердің қатысуымен жүргізілген тексеру шаралары барысында күдікті қораптан тыйым салынған заттар табылған жоқ", - деген Салтанат Әзірбек.

Билік өкілінің айтуынша, күдікті зат туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 18:34 кезінде түскен, тексеру жұмыстары 19:26-да аяқталған.

XS
SM
MD
LG