Accessibility links

Бішкек түбінде ұшақ апаты құрбандарына ескерткіш ашылды


Ұшақ апаты құрбандарына ашылған ескерткіш. Бішкек, 13 қаңтар 2018 жыл.
Ұшақ апаты құрбандарына ашылған ескерткіш. Бішкек, 13 қаңтар 2018 жыл.

Қырғызстан астанасы маңындағы Дача-СУ саяжайында былтыр қаңтарда түркиялық ACT Airlines компаниясының жүк тасымалдайтын "Боинг-747" ұшағы құлағанда қаза тапқандарға ескерткіш ашылды.

Ескерткіш ашу рәсіміне апат құрбандарының туыс-жақындары, Қырғызстан президенті аппараты басшысының бірінші орынбасары әрі апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына жәрдем көрсету жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының жетекшісі Мұхамметкалый Абулғазиев, жоғары лауазымды шенеуніктер мен үкімет мүшелері, қоғам өкілдері қатысты деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Мухамметкалый Абулгазиев апат құрбандары мен зардап шеккендердің туған-туыстарына азаматтардан жиналған қаржы түгелдей берілгені туралы хабарлаған. Сонымен бірге түркиялық компания да өтемақы төледі деген ол. Жәрдем алғандардың өтіні бойынша, түрік компаниясы төлеген өтемақы мөлшері жария етілмеген.

Әуе апатынан зардап шеккендердің өкілі Венера Шейшенова үкімет комиссиясына ешкімнің талабы жоқ деп мәлімдеген. Оның сөзінше, мемлекеттік органдар барлық мәселелер бойынша жанжақты көмек көрсеткен. Ол сонымен бірге БАҚ өкілдерін түрлі қауесет пен дәлелі жоқ хабарлар таратпауға шақырған.

2017 жылғы қаңтардың 16-сы күні Гонконгтан Стамбулға бара жатқан түркиялық ACT Airlines жүк тасымалдау компаниясының "Боинг-747" ұшағы Манас әуежайына қонар кезде Дачи-СУ саяжай құлап, салдарынан 39 адам – экипаждыңтөрт мүшесі және Қырғызстанның 39 азаматы мерт болған. Тағы бір қырғызстандық зардап шеккендерге жәрдем көрсету барысында қаза болған. Ресми мәлімет бойынша, ауылда 19 үй толық қирап, жеті үй апатты жағдайда деп танылған. 12 үй ішінара бүлінген.

XS
SM
MD
LG