Accessibility links

Астанада EXPO аумағында қуыршақ өртенген


EXPO-2017 көрмесі символдары. Астана, 12 сәуір 2017 жыл.
EXPO-2017 көрмесі символдары. Астана, 12 сәуір 2017 жыл.

Астана қаласында былтыр халықаралық EXPO көрмесі өткен аумақтағы жасанды қуыршақтардың бірі өртенген деп хабарлайды Tengrinews сайты. Алдын ала деректер бойынша, қуыршақты бұзу барысында от шыққан.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода EXPO аумағынан әуеге көтерілген қара түтін байқалады.

"Декорациялық қуыршақтарды бұзу кезінде олардың бірінде от тұтанып, бес шаршы метр аумақта өрт болған. Өртке қарсы қызмет мамандары келгенше от сөндірілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған", - деп хабарлады ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Астанада 2017 жылғы маусымның 10-ынан қыркүйектің 10-ына дейінгі аралықта "Болашақ энергиясы" деген тақырыппен өткен EXPO көрмесі аумағында Сәуле, Қуат, Мөлдір деген атқа ие болған қуыршақтар күн, жер және судың белісі ретінде орнатылған болатын. Биліктің мәліметі бойынша, көрмеге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысып, төрт миллионға жуық адам тамашалаған. Кей шетелдік басылымдар көрмеге адамдар аз барады деп жазған. Көрме ұйымдастырушылары онымен келіспей, қарсы уәж айтқан болатын.

XS
SM
MD
LG