Accessibility links

Венада үкіметке қарсы шеруе мыңдаған адам шықты


Үкіметке қарсы шеру. Вена, 18 желтоқсан 2017 жыл.
Үкіметке қарсы шеру. Вена, 18 желтоқсан 2017 жыл.

Сенбі күні Австрия астанасы Венада жақында жаңадан құрылған оңшылдар үкіметіне қарсы шеру өтті. Полицияның мәліметінше, қарсылық акциясына 20 мыңға жуық адам шыққан.

Шеруге қатысушылардың кейбірі "Ешқашан қайталанбасын" деген жазу ұстап шыққан. Өзгелері босқындарға қолдау білдіретін және неонацистерге қарсы ұрандар айтқан.

Консервативтік Австрияның халықтық партиясы мен ұлтшыл Еркіндік партиясы құрған коалициялық үкімет елге мигранттардың келуіне қарсы қатаң саясат ұстанатындары туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG