Accessibility links

Алматы облысында жеңіл көлікті жарып жіберген


Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащысай ауылында жеңіл көлікте жарылыс болып, бір адам зардап шеккен деп хабарлайды Tengrinews сайты. Қаңтардың 13-і күні таңертең болған оқиға туралы ақпаратты Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі растаған. Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus маркалы көліктің астына орнатылған жарылғыш зат іске қосылған.

"Аталған оқиға байланысты адам өлтіруді көздеп қастандық жасау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аяғына жарықшақ тиіп жараланған 1994 жылы туған ер адам ауруханаға түскен" деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Полицияның дерегінше, жарылыстан көліктің иесі емес, оның қызметкері зардап шеккен. Тергеу орындары бұл оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтауға кіріскен.

XS
SM
MD
LG