Accessibility links

Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен бір адам өлген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда жексенбі күні төрт қабатты ғимаратта өрт шығып, бір адам қаза болған. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың хабарлауынша, Сүлейменов көшесіндегі орналасқан төрт қабатты үйдің ең жоғарғы қабатындағы пәтер өртеніп жатқаны туралы суыт хабар жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 11:46 кезінде түскен.

"Алты минуттар кейін оқиғаға орнына жеткен өртке қарсы қызмет өкілдері өрт шыққан пәтерден әйел адамды көтеріп алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Оқиға орнын тексеру барысында қаза болған ер адам табылды. Кім екені анықталып жатыр", - деп хабарлады төтенше қызмет өкілі. Оның сөзінше, сағат 12:15-те толық өшірілген өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Өртке байланысты көпқабатты ғимараттан 20 адам (біреуі – бала) шығарылған. Иіс тиген екі адам ауруханаға жеткізілген. Өрттің аумағы 15 шаршы метрді құраған.

XS
SM
MD
LG