Accessibility links

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 878 шақырым қашық аймақта 6 магнитудалы жер сілкінісі болды деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

14 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 15:19 кезінде тіркелген жер сілкінісінің эпицентрі Ауғанстан аумағында, 120 километр тереңдіктегі жер қабатында болған.

Зардап шеккендер мен бүлінген нысандар туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG