Accessibility links

Иранда 14 қаңтар күні Telegram мессенджеріне салған шектеулер алынды деп хабарлады IRNAагенттігі. Иран билігі желтоқсанның соңында елдің бірнеше қаласында үкіметке қарсы шерулер өткен кезде Telegram мен тағы бірнеше сайтты және әлеуметтік желіні бұғаттаған еді.

Иранның байланыс және коммуникация министрі халық үкіметке қарсы қарсы жаппай шеруге шыққан кезде Telegram басшылығы «Иран заңдарын құрметтемейді» деп, ел аумағында бұл мессенджердің жұмысына мүлдем тыйым салынуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Telegram-ның негізін салған Павел Дуров Иран билігінің ескертуіне байланысты бейбіт демонстранттар қолданатын каналдарды бұғаттаудан бас тартатынын мәлімдеген. Дегенмен, IRNA агенттігінің хабарлауынша, елдің бірнеше қаласында Telegram-дағы кейбір қолданушылардың каналдары ашылмай тұр.

AzattyqTV

AzatNews 21.02.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:49 0:00
XS
SM
MD
LG