Accessibility links

Екі облыста ауа-райынан жол қозғалысы шектелді


Астанада жолда омбы қарға тұрып қалған көлік. 11 қаңтар 2018 жыл.
Астанада жолда омбы қарға тұрып қалған көлік. 11 қаңтар 2018 жыл.

Ақмола облысында 14 қаңтардың кешінен бері боран тұруына байланысты Астана – Ерейментау – Шідерті (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін) жолы жабылды. Павлодар облысында да 14 қаңтардың кешінен бастап Астана – Шідерті жолында (Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысы тоқатылды.

Қазақстанның екі облысында ауа-райының қолайсыздығынан жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылып, бірнеше қала мен ауданда мектептерде бірінші ауысымдағы оқушыларға сабақ тоқтатылды.

Астана және Семей қалалары мен Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында 15 қаңтарда қатты аяздан кейбір сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

Астана қалалық білім басқармасының хабарлауынша, ауа-райының нашарлауына байланысты дүйсенбі күні қала мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

Жергілікті yk-news.kz сайтының хабарлауына қарағанда, Семейде ауа температурасының -25 градусқа дейін төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында да қатты аяздан бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне, Көкпекті ауданында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

Астанада 11 қаңтар күні қарлы боранда бір адам қаза тапқан. Қала билігінің хабарлауынша, 60 жастағы жергілікті тұрғын үсіп өлген. Боранда кем дегенде 79 адам жараланған.

XS
SM
MD
LG