Accessibility links

Тегеран: Шерулерде 25 адам қаза тапқан


Голамхосейн Мохсени-Эджеи, Иран сотының баспасөз хатшысы.

Иран билігі желтоқсанның соңында басталған үкіметке қарсы шерулерге қатысқаны үшін елде 465-ке жуық адам әлі қамауда отырғанын хабарлады.

Иран сотының баспасөз хатшысы Голамхосейн Мохсени-Эджеидің айтуынша, 28 желтоқсанда басталған шерулер кезіндегі "тәртіпсіздіктен" 25 адам қаза тапқан.

Тегеран прокуроры Аббас Джафари Долатабади соңғы бірнеше күнде Тегерандағы абақтылардан ұсталған 440 «бүлікшінің» босатылғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Иранда не болып жатыр?

Мохсени-Эджеи Тегеранда әлі 55 адам қамауда отырғанын айтады. Оның сөзінше, қаза тапқан 25 «бейбіт тұрғын мен қауіпсіздік қызметкерінің» ешқайсысы «қауіпсіздік күштерінің оғынан оққа ұшпағанын», себебі оларға «қару қолдануға бұйрық берілмегенін» айтты. Ресми органдар бұған дейін шерулерде 21 адам қаза тапқанын хабарлап келген.

Мохсени-Эджеи құрбандардың қалай қаза тапқанын айтпады.

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG