Accessibility links

Шымкентте экс-шенеунік аса ауыр қылмыс жасау күдігіне ілінді


Асылжан Жамалбековке жарияланған іздеу.
Асылжан Жамалбековке жарияланған іздеу.

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының бұрынғы басшысы Асылжан Жамалбеков «аса ауыр қылмыс жасады» деген күдікке ілінді деп хабарлайды Абай аудандық сотының судъясы Еркен Отарбаев.

Судъяның хабарлауынша, Жамалбеков «мемлекеттік қызметті атқаруға өкілетті лауазымды тұлға бола тұра, қол астындағы қызметкерлерден ұйымдасқан топ құрып, мемлекет бюджетіне жалпы көлемі 437 миллион 384 мың теңгеден астам залал келтірген.

Жамалбековтің үстінен Қылмыстық кодекстің 262-бабының 3-бөлігімен (Қызмет бабын пайдалана отырып, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағымен (Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен алаяқтық жасау) іс қозғалған.

Асылжан Жамалбековке халықаралық іздеу жарияланған.

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтында 1986 жылы туған Асылжан Жамалбековке Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті ресми түрде іздеу салғаны жарияланған. Онда Жамалбековтың тергеуден жасырынып жүргені айтылады.

XS
SM
MD
LG