Accessibility links

Әскери ұшақ апатына қатысты үкім шықты


Су-27 әскери ұшағы (Көрнекі сурет).
Су-27 әскери ұшағы (Көрнекі сурет).

Талдықорған гарнизонының әскери соты 2016 жылы желтоқсанда Талдықорған түбінде апатқа ұшыраған әскери Су-27 ұшағының ұшқышын соттады. Ұшақ 2016 жылы 21 желтоқсан күні Талдықорған аэродромынан 20 километр қашықтықта апатқа ұшырап, ұшқыш катапультпен секіріп аман қалған болатын.

Қазақстан әскери сотының хабарлауынша, сот үкімі 12 қаңтар күні шыққан. Сот майор, И. есімді ұшқышты «Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу» бабымен айыпты деп танып, төрт жылға бас еркінен айыру жазасын кескен. Сот сонымен қатар оны әскери ұшу аппараттарын пайдалану, ұшуға дайындық және сонымен байланысты қызметті атқару құқығынан төрт жыл мерзімге айыру үкімін кескен.

Сот материалы бойынша, ұшқыш ұшу мен оған дайындалу ережелерін бұза отырып, Су-27 ұшағына жанармай құйылғанын тексерместен оны қабылдап алып, ұшып шыққан. Ұшақ аэродромнан ұшып шыққан соң прибор ұшақта жанармайдың аз қалғаны туралы белгі берген. Бұған қарамастан ұшуын жалғастыра берген ұшақтың екі бірдей қозғалтқышы жанармай таусылғандықтан жұмысын тоқтатып, ұшақ апатқа ұшыраған. Ұшқыш катапультпен секіріп кеткен.

Сот үкімі заңды күшіне әлі енбеген.

XS
SM
MD
LG