Accessibility links

Пермьде мектептегі жанжалдан тоғыз адам жараланды


Пермьдегі оқушылар жанжалдасыпғ бірнеше адам зардап шеккен мектептің жанында тұрған төтенше жағдайлар қызметінің көлігі. Ресей, 15 қаңтар 2018 жыл.
Пермьдегі оқушылар жанжалдасыпғ бірнеше адам зардап шеккен мектептің жанында тұрған төтенше жағдайлар қызметінің көлігі. Ресей, 15 қаңтар 2018 жыл.

Пермьдегі №127 мектепте екі оқушы жанжалдасып, бір-біріне пышақ салмақ болды. Басқа оқушылар мен мұғалімдер жанжалды тоқтатуға тырысты. Ресей тергеу комитетінің Пермь өлкесі бойынша басқармасының хабарлауынша, салдарынан бірнеше оқушы мен бір оқытушы пышақ тиіп, жараланды.

Пермь мектебіндегі оқушылар жанжалынан соң «Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл оқиға бойынша күдіктілер ұсталды.

Мектепте сабақ тоқтатылып, барлық адам сыртқа шығарылды. Жаралылар ауруханаға жеткізілген. Қазір олардың саны мен жағдайы нақтыланып жатыр. Жергілікті дәрігерлердің хабарлауынша, жанжалдан тоғыз адам зардап шеккен. Екі адамның - мұғалім мен мойнынан жараланған 16 жастағы оқушының жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

15 қаңтар күні бұдан бұрын Пермьдегі мектепке бетперде киген белгісіз екі адамның шабуыл жасап, бірнеше оқушы мен оқытушыны кепілге алғаны туралы хабарланған болатын. Бірақ ол ақпарат расталмаған. Кейін «Интерфакс» агенттігі өз дереккөзіне сілтеме жасап, мектепке шабуыл жасалмағанын, жанжал шығып, одан сегіз адам пышақ тиіп жараланғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG