Accessibility links

Бағдадта жарылыстан қаза болғандар 38-ге жетті


Бағдадтағы жанкешті жарылыс жасаған алаң. Ирак, 15 қаңтар 2018 жыл.
Бағдадтағы жанкешті жарылыс жасаған алаң. Ирак, 15 қаңтар 2018 жыл.

Дүйсенбіде Ирак астанасы Бағдадта болған екі жарылыстан кемінде 38 адам қаза болып, 105 адам жараланды. Бұл туралы Ирактың сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Министрлік баспасөз хатшысы Саад Маанның айтуынша, қаңтардың 15-і таңертең екі жанкешті Бағдат орталығындағы Сает аль-Тайаран алаңын нысанаға алған.

Таяран алаңы - сауда орталығы, әрі мұнда жұмыс іздеп келетін жұрт көп жиналады.

Әзірге жарылысты ешкім мойнына алып мәлімдеме жасамады. Бұдан бұрынғы Ирактағы жарылыстардың денін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары мойнына алған.

Желтоқсанда ғана Ирак билігі Бағдадтың кейбір аудандарын басып алған ИМ-ге қарсы соғыс аяқталғанын мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG