Accessibility links

Түркістан қалалық сотының экс-төрағасы сотталды


Шымкенттегі әл-Фараби аудандық соты. Шымкент. 20-қараша, 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы сотының бұрынғы төрағасы Омар Серікбаев үш жарым жылға сотталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

«Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Түркістан қалалық сотының төрағасы «қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасады» деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сотта айыпталушы айыбын толық мойындады» деді Азаттыққа аудандық соттың судьясы Сәбит Төреханов.

Судьяның сөзінше, іс сотта жарты сағат қаралған. Айыпталушы прокурормен процессуалдық келісім жасасқан. Төраға үстінен қылмыстық іс қозғалғаннан соң қызметінен босатылған.

Үкім заңды әлі күшіне енбеген.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG