Accessibility links

Абаев ақпараттың "құпия" екенін кім анықтайтынын атап айтпады


Дәурен Абаев, ақпарат және коммуникация министрі.
Дәурен Абаев, ақпарат және коммуникация министрі.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев құқық қорғаушылардың министрлік мемлекеттік БАҚ-ты қаржыландыру туралы ақпаратты көпшілікке жариялауға шектеу қойып, заңбұзды деген пікірін терістеді. Абаев шектеу кейбір критерийлер бойынша енгізілгенін және ол критерийлерді жеке өзі ғана анықтамайтынын айтты. Ол қандай да бір ақпаратты «қызмет бабында ғана қолдануға болады» деген санатқа қосатын критерийлерді нақты кім түзеді деген сауалға тұшымды жауап бере алмады.

Астанада сейсенбіде «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының ақпарат және коммуникация министрлігіне қарсы шағымы бойынша алғашқы сот отырысы өтпек. Ұйым шағымында министрліктің мемлекеттік бюджеттен министрлікке екі миллиард теңге бөлінгені туралы ақпаратты ашпау туралы шешіміне қарсылық білдіреді.

2017 жылы шілдеде ақпарат және коммуникация министрлігінің сайтында мемлекеттік ақпараттық саясатын республикалық деңгейде жүргізуге жарияланған мемлекеттік тапсырыстың қорытындысы туралы хаттама жарық көрген. Бірақ министрлік тапсырыс бойынша жалпы сомасы екі миллиард теңгеден асатын бюджет қаржысын нақты кім иеленгені туралы ақпаратты жариялаудан бас тартқан болатын.

Ақпарат және коммуникация министрінің бұйрығымен бұл мәлімет «Қызмет бабында ғана пайдаланылуы тиіс» деп танылған. «Құқықтық медиа-орталық» шағымында ақпаратқа қолжетімділік туралы заң бойынша, мемлекеттік бюджет қаржысын түзу және жұмсауға қатысты мәліметті «шектеуге болмайтынын» айтады.

- Қандай да бір тізімді, қаулыны құпия немесе қызметтік мақсаттағы ақпарат деген санатқа қосатын критерийді мен анықтамаймын, - деді Дәурен Абаев. Ол құжаттың қаншалықты құпия екенін қай орган шешетінін нақты айтудан бас тартты.

Сот материалы бойынша, «Құқықтық медиа-орталық» министрліктің ақпарат беруден бас тартуын және алынған жауапты заңсыз деп тануды сұрайды. Сот отырысы 16 қаңтар күнгі сағат 16:30-да Астананың мамандандырылған экономикалық сотында өтеді деп белгіленген. Сот процесі ашық болады деп жарияланған.

Сот процесі билік интернетте мониторинг жасау жүйесін енгізіп жатқан кезде өтейін деп отыр. Бұл жүйені іске асыруға республикалық бюджеттен шамамен 1,7 миллиард теңге (бес миллион долларға жуық) бөлінбек.

Абаев "құпия қаржы" туралы ақпарат бермеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:17:58 0:00

XS
SM
MD
LG