Accessibility links

Чех премьері өзін қол сұғылмау құқығынан айыруды сұрамақ


Андрей Бабиш, Чехия премьер-министрі.

Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш парламент депутаттарынан өзін депутаттық қол сұғылмау құқығынан айыруды сұрамақ. Бұл туралы ол 16 қаңтарда мәлімдеді. Қол сұғылмау құқығы жойылса, полиция Бабишке қатысты Еуропа Одағынан (ЕО) субсидия алу кезінде алаяқтық жасады деген күдік бойынша тергеу бастамақ.

Чехияның іс басындағы премьері Андрей Бабиш агроөнеркәсіп кешені саласындағы ірі бизнесмен саналады. Полиция Бабиш он жыл бұрын ЕО-дан шағын бизнесті дамыту үшін екі миллион еуро көлемінде субсидия алу үшін иелігінде ферма мен конгресс орталығы барын жасырған деп күдіктенеді. Субсидия алу кезінде заң бұзылғанын Еуропаның алаяқтықпен күрес бюросы да растаған. Бабиш өзіне тағылған айыпты терістейді және оның саяси астары бар деп біледі.

Бабиш бастаған популистік ANO қозғалысы 2017 жылы қазанда өткен парламент сайлауында жеңіске жеткен, бірақ парламентте абсалютті көпшілік орынға ие бола алмаған. Чехия президенті Милош Земан бұған қарамастан Бабишке үкіметті жасақтауды жүктеген. 16 қаңтарда парламент депутаттары Бабиш үкіметіне сенім білдіруге қатысты дауыс береді.

AzattyqTV

Сайлау туралы заңда не өзгеріс бар?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:23 0:00
XS
SM
MD
LG