Accessibility links

Егеубаевқа қозғалған екінші іс тоқтатылды


Айдын Егеубаев, белсенді.
Айдын Егеубаев, белсенді.

Астанадағы Сарыарқа аудандық № 2 сотында азаматтық белсенді Айдын Егеубаевқа қатысты екінші рет қаралып жатқан қылмыстық іс тоқтатылды. Қаңтардың 16-да «Бәтуа» компаниясы белсендіге қарсы түсірген шағымын кері қайтарып алды.

Сот былтыр қарашада Егеубаевқа "кәсіпкер Нұрлан Биядиловтің абыройы мен қадыр-қасиетін қаралайтын және "Бәтуа" компаниясының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жала жабу сипатындағы мәлімет таратты" деп айыптап, бас еркіндігін екі жылға шектеуге және 100 мың теңге "моральдық өтемақы" төлеуге үкім кескен.

Азаматтық шағым бойынша бес эпизодтан тұрған істе Егеубаевтың "қытайлықтар Қазақстан жерін басып алды" деген сөздері бар репортаж жарияланған Newtimes.kz сайты айтылған.

Сарыарқа аудандық сотында қаралған жеке айыптау шағымында Newtimes.kz сайтында "қытайлықтар Қазақстан жерін ендігі иеленіп алғаны туралы" мақала шыққаны туралы мысал келтірілген. Шағымда сонымен қатар "Бәтуа" компаниясын құрушылар қатарында Қытай азаматы жоғы" да айтылған. Шағымданушы белсенді компанияда қытайлық азамат барын айтып, компания беделіне нұқсан келтірді деген.

Мұның алдында Егеубаевтың қоғамдық қорғаушысы Мақсат Ілиясұлы екі іс те бірдей екенін, іс аясында 87 миллионнан астам теңге (261 мың доллар шамасында) материалдық шығын талап еткен азаматтық шағым қаралып жатқанын, айырмашылығы бұл жолы шағым қазақшаға аударылған және басқа ақпарат құралы - DAT газетіндегі материалдар қаралып жатқанын айтқан.

Егеубаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Оның адвокаты Фатима Берсанова бұған дейінгі сотта іс материалында жала жабу мен қылмыс жасалғанын дәлелдейтін айғақтар келтірілмегенін және шағымданушының материалдық әрі моральдық шығын тартқанын дәлелдейтін құжаттар да жоғын мәлімдеген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG