Accessibility links

Ерімбетов туыстарының арызына прокуратура жауап берді


Ескендір Ерімбетовтың жақындары. Алматы, 9 қаңтар 2018 жыл.

Тергеу абақтысында жатқан кәсіпкер Ескендір Ерімбетовтың әкесі Мырзахан Ерімбетов Азаттық тілшісіне «тонауға» байланысты арыздарына Бас прокуратурадан жауап келгенін хабарлады.

Желтоқсанның 21-і Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан бюросы ғимаратында Ерімбетовтың ата-анасы ұлдарын қорғап баспасөз мәслихатын өткізген. Жиында құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожина журналистерге Ескендір Ерімбетовтің адвокаты Жанар Балғабаевамен кездесуі кезінде арадағы әңгімені «таспаға жазып алды» деген құрылғыны көрсеткен. Сол кезде жиынға келгендердің бірі құрылғыны жұлып алып қаша жөнелген. Алайда Ерімбетовтің жақтастары құрылғыны қайтарып үлгерсе де, бейтаныс адамды тоқтата алмаған.

Осы оқиғаға байланысты Мырзахан Ерімбетов заңсыз "тың тыңдауды" ұйымдастырды, баспасөз жиыны кезінде "тонау" жасалды" деп Бас прокуратураға шағымданған.

Бас прокуратура жауабында арыздың Алматы прокуратурасына, одан қалалық ішкі істер департаментіне, одан Алмалы аудандық ішкі істер департаментіне жолданғаны жазылған.

Кәсіпкер Ескендір Ерімбетов пен оның үш әріптесі желтоқсанның 13-і Алматыда ұсталған. Қарағанды кондитерлік фабрикасы қожайындарының бірі және бірнеше коммерциялық компаниялардың құрылтайшысы Ерімбетовке «БТА банктен шығарылған қаржыны заңдастыруға қатысы бар» деген айып тағылып отыр.

Ерімбетовтың туыстары мен Адам құқықтары жөніндегі орталық кәсіпкердің тергеу абақтысында азапталып жатқаны туралы айтып келеді.

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG