Accessibility links

ЕО басшылары Ұлыбританияны одақта қалуға шақырды


Жан-Клод Юнкер (сол жақта) мен Дональд Туск.
Жан-Клод Юнкер (сол жақта) мен Дональд Туск.

Еуропа Одағының (ЕО) төрағасы Дональд Туск пен Еуропа комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер Ұлыбританияны ЕО-дан шықпауға шақырды.

Туск Еуропа парламентінде сөйлеген сөзінде егер Лондон болып жатқан жағдайларға назар аудармаса, онда Brexit-тің салдары ауыр болатынын айтты. "Жүрегіміз Ұлыбританияға қашан да ашық» деді Туск.

Юнкер Тусктің ұстанымын қолдап, британ билігі оның сөздерін естиді деп үміттенетінін жеткізді. "Біздің есігіміз әрдайым ашық" деді Еуропа комиссиясының басшысы.

Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы туралы келіссөз Брюссельде былтыр 19 маусымда басталған. Келіссөз 2018 жылдың соңына дейін жалғаспақ. Осыдан кейін келісімдерді ұлттық парламенттерде бекіту үшін алты ай уақыт беріледі.

Британдықтар ЕО-дан шығуға 2016 жылдың жазында дауыс берген. Ұлыбритания ЕО-ға 1973 жылы қосылған әрі одан шығатын бірінші мемлекет болмақ. Brexit туралы заң жобасы 1972 жылы қабылданған Еуропалық қауымдастық жөніндегі құжаттан бас тартып, осының негізінде ЕО заңдарының барлығын британдық заңдарға ауыстыруды қарастырады.

XS
SM
MD
LG