Accessibility links

Лавров С5+1 әріптестігіне қатысты ескерту жасады


Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.

Ресей Вашингтон Орталық Азияның бес елімен орнатқан «С5+1» форматындағы әріптестікті теріс пиғылда пайдалануы мүмкін деп алаңдайды. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Ресей сыртқы істер миинстрі Сергей Лавров 15 қаңтарда Ресей дипломатиясының 2017 жылғы қызметін қорытындылаған баспасөз жиынында айтты.

«Біз Орталық Азиядағы көршілеріміздің барынша кең ауқымды серіктестік орнатқанына қарсы емеспіз. Бұл қарым-қатынастар өз арамызда бар міндеттемелерді толықтай құрметтегенін қалаймыз. Бірақ, біз АҚШ-тың бұл форматты теріс мақсатта пайдаланып, бұған дейінгі Үлкен Орталық Азия деп аталған жобаға қатысы бар идеяларды тықпалап жатқанын естідік» деді Лавров.

Ол Үлкен Орталық Азия жобасының мақсаты «оңтүстіктегі барлық жобаны Ресейді араластырмай, Орталық Азия елдерімен бірге жасауға» әкеліп саятынын айтып, аймақта бұл жобаны іске асыру әрекеті зиян тигізетінін ескертті. «Егер америкалық әрістестеріміз Орталық Азия елдері өкілдерімен кездесуі кезінде экономикалық даму мақсатында емес, таза геосаяси мүддеден туындаған мұндай ниетін іске асыруға тырысса, онда оның зияны тиеді» деді Лавров.

АҚШ Орталық Азияның бес елі – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанмен С5+1 форматында кездесуді 2015 жылдан бері өткізіп келеді. 2015 жылы қарашада Самарқанда АҚШ-тың сол кездегі мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Орталық Азияның бес елінің сыртқы істер министрлері бірлескен әріптестік және ынтымақтастық декларациясына қол қойған. Бірлескен декларацияда АҚШ-тың "Орталық Азияның әр мемлекетінің егемендігі, территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігін қолдайтыны" және "аймақ елдері бір-бірімен дұрыс және өзара тиімді қарым-қатынас жасауы қажет екені" айтылған. С5+1 форматындағы кездесу алты ел арасында қауіпсіздік, сауда, трансшекаралық қауіптер, есірткі саудасы мен қару-жарақ саудасының алдын алу мәселелерінде ынтымақтастықты дамыту үшін тұрақты өткізіледі.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG