Башқұртстан тұрғыны Дмитрий Рудов Ишимбай қаласының әкімшілігі алдында 15 қаңтар күні өзін-өзі өртегеннен кейін қайтыс болды деп хабарлады «Гор.Обзор.ру» порталы.
«Коммерсантъ» басылымының хабарлауынша, 15 қаңтарда Рудов қалалық әкімшілікке барып, үстіне жанғыш сұйықтық құйып, «Коррупция! Коррупция! деп айқайлаған соң өзін-өзі өртеген.
2016 жылы Рудов «Газпром нефтехим Салават» компаниясында басшылықпен жанжалдасып қалған соң инженер-электрик болып істеп жүрген жұмысынан босатылған. Ол сот арқылы жұмысына қайта орналасқанымен, тағы да жұмыстан босатып жіберген. Рудов бұл туралы Ресей президенті Владимир Путинге жазған ашық хатында айтқан. Ол сонымен қатар құяңмен ауыратынын, ал дәрігерлердің өзін мүгедек деп танудан бас тартып отырғанын айтып шағымданған болатын.