Accessibility links

ОҚО-да екі адам газдан уланып қайтыс болды


Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында екі адам газдан уланып қайтыс болған. Бұл туралы Азаттыққа «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының Шымкенттегі филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

"17 қаңтар күні сағат 12:50 кезінде Төлеби ауданы Біркөлік ауылының 1996 жылы туған екі тұрғыны газдан уланып қайтыс болғаны туралы ақпарат түсті" делінген хабарламада.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері облыста газдан уланған 4 адам қайтыс болып, 3 адам зардап шеккен. Иіс тигендердің екеуі қазір Шымкент қалалық №1 ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

XS
SM
MD
LG