Accessibility links

Екі Корея ортақ хоккей командасын құрды


Олимпиада ойындары өтетін Пхенчхандағы стадион.
Олимпиада ойындары өтетін Пхенчхандағы стадион.

Солтүстік және Оңтүстік Кореялар Пхенчхандағы қысқы олимпиада үшін ортақ бір хоккей командасын құру туралы келісті. Жарыстың ашылу салтанатында екі елдің спортшылары бір тудың астында жүріп өтпек. Associated Press ақпарат агенттігі ортақ туда Корей түбегі бейнеленетінін хабарлады.

Келісімді Халықаралық олимпиада комитеті мақұлдауы қажет. Шешім алдағы демалыста шығуы мүмкін.

Бұдан бұрын Солтүстік Корея Олимпиадаға 140 адамнан тұратын оркестр жіберетінін мәлімдеген. Оркестр Сеул мен Ганьнун қалаларында өнер көрсетпек. Бұл жайында екі ел шекарадағы Пханмунджом елді мекеніндегі келіссөзде мәміле жасаған.

Қаңтардың 9-ында Сеул мен Пхеньян өкілдері Пханмунджом елді мекенінде келіссөз өткізген. Жиында Солтүстік Корея ақпанда өтетін олимпиадаға спортшыларын, жанкүйерлері мен жоғары лауазымды шенеуніктерін жіберетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG