Accessibility links

БАҚ: Матаев Сахаров жүлдесімен марапатталды


Сейітқазы Матаев.
Сейітқазы Матаев.

Қазақстан журналистер одағының жетекшісі Сейітқазы Матаев "Ерлігі үшін" номинациясы бойынша құқық қорғаушы Андрей Сахаров атындағы жүлдемен марапатталды. Бұл жайында КазТАГ ақапарат агенттігі премия ұйымдастырушыларына сілтеме жасап хабарлайды. Матаевтың өзін жүлдеге ұсынбағаны, бастаманы ұйымдастыру комитеті көтергені айтылады.

Андрей Сахаров атындағы жүлде журналистер мен құқық қорғаушыларға жариялылығы, резонанс тудырған материалдары, өз ұстанымын қорғағаны және құқық қорғау қызметі үшін беріледі. Қазылар алқасы құрамына журналистер мен жазушылар кіреді. Мәселен, олардың ішінде Нобель сыйлығының иегері Светлана Алексиевич бар.

Мұның алдында жүлде Анна Политковскаяға, Азаттық радиосының Ресей қызметі мен "Новая газета" басылымдарына берілген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Сейітқазы Матаев - 6 жылға, Әсет Матаев 5 жылға сотталды

Журналистер одағының төрағасы бостандыққа шықты

Сейітқазы Матаев 2016 жылы мемлекеттік тапсырыстан ақша "жымқырғаны" үшін алты жылға түрме жазасына кесілген. 2017 жылдың соңына таяу ол мерзімінен бұрын босатылған.

XS
SM
MD
LG