Accessibility links

Каталония парламенті спикер сайлады


Каталония парламентінің жаңадан сайланған спикері Роже Торрен, 17 қаңтар 2018 жыл.
Каталония парламентінің жаңадан сайланған спикері Роже Торрен, 17 қаңтар 2018 жыл.

Каталонияның жаңа парламенті бірінші отырысында автономия тәуелсіздігін жақтаушы Роже Торренді спикер қылып сайлады. "Солшыл республикашылдар" партиясының өкіліне 135 депутаттың 65-і дауыс берген. Қаңтардың соңына дейін парламент Каталония әкімшілігінің басшысын сайлауы тиіс.

Былтыр желтоқсанның 21-і мерзімінен бұрын болған парламент сайлауында Каталонияның бұрынғы президенті Карлес Пучдемон бастаған аймақ тәуелсіздігін жақтаушылар жеңген. Испания билігі Пучдемон бастаған қозғалыс әрекетін бүлік деп таныған. Соңғы айлары ол Брюссельде жасырынып жүр. Ел заңнамасына сәйкес Каталония басшылығына кандидат сайлаудың бірінші айналымының басында парламентке көрініп, өзінің бағдарламасын таныстырып, дебатқа қатысуы керек.

XS
SM
MD
LG