Accessibility links

БАҚ: "Талибан" делегациясы келіссөз өткізуге Исламабадқа барды


Ауғанстанның Кундуз уәлаятында тігілген "Талибан" туы (Көрнекі сурет).
Ауғанстанның Кундуз уәлаятында тігілген "Талибан" туы (Көрнекі сурет).

«Талибан» делегациясы Ауғанстандағы 16 жылға созылған соғысты тоқтатып, бейбіт келісім жасасу үшін Исламабадқа барды. Бұл туралы Reuters агенттігіне талибтердің беделді екі адамы хабарлаған.

Бейресми кездесуден қандай нәтиже шығатыны әзірге белгісіз. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Исламабадтағы кездесуден кейін Түркияда да талибтер мен «Хезб-е-ислами» (Ислам партиясы) тобы арасында құпия келіссөз болған. «Хезб-е-ислами» бұрын талибтер құрамында болған. Бірақ 2017 жылы қаруын тастап, Ауғанстан үкіметі жағына өткен.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидың баспасөз хатшысы Исламабадтағы келіссөзден хабары жоғын айтты. «Талибан» өкілдері де ресми түрде жауап беруден бас тартты. Екі тарап та 15 қаңтар күні Түркияда келіссөзге қатысқанын терістеді. Алайда, талибтер құрамындағы жоғары лауазымды екі адам жоғары шенді басшы Хайбатулла Ахундзаданың Исламабадтағы кездесуге келісім бергенін растады. Ахундзада қазір Пәкістанда тұрады. «Талибан» өкілі Забихулла Муджахид болса, Түркиядағы кездесуде қозғалыстың заңды өкілдері болмағанын айтады.

XS
SM
MD
LG