Ақтөбе облысында жолаушылар автобус өртеніп, 52 адам қаза тапты деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.
Департамент ақпараты бойынша, қайғылы оқиға 18 қаңтар күні сағат 10:30-да Самара – Шымкент жолында, Ырғыз ауданының Қалыбай ауылынан 10 километр қашықтықта болған. «Икарус» маркалы автобустан бес адам ғана өз бетінше шығып үлгеріп, аман қалған. Төтенше жағдай қызметі құрбандардың барлығы Өзбекстан азаматтары екенін айтады. Оқиға болған жер облыс орталығы Ақтөбеден 320 километр қашық.
Оқиға орнында құтқарушылар, полиция, жергілікті билік органдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр.