Accessibility links

Құқық қорғаушылар: Заңда "жыныстық бопсалау" ұғымын нақтылау керек


Валентина Сахненков, БҰҰ-ның гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы жанындағы Азаматтық қоғам бойынша кеңесу тобының үйлестірушісі. Алматы, 18 қаңтар 2018 жыл.
Валентина Сахненков, БҰҰ-ның гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы жанындағы Азаматтық қоғам бойынша кеңесу тобының үйлестірушісі. Алматы, 18 қаңтар 2018 жыл.

«Қазақстан заңдарында «жыныстық бопсалау» ұғымы жоқ және жыныстық қысымға тыйым салынбағандықтан адамның жыныстық еркіндігі мен жыныстық қол сұғылмаушылық құқығы сақталмайды» деп мәлімдеді Алматыда осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген құқық қорғаушылар.

БҰҰ-ның гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы жанындағы Азаматтық қоғам бойынша кеңесу тобының үйлестірушісі Валентина Сахненконың айтуынша, осы топ пен құқық қорғаушылар 2017 жылдың шілде-тамыз айларында Алматыда әйелдердің жұмыста жыныстық бопсалауға ұшырау мәселесіне әлеуметтік зерттеу жасаған. Зерттеуде Алматыда тұратын, мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік және халықаралық компанияларда жұмыс істейтін 16-42 жас аралығындағы әйелдер арасында сауалнама жүргізіліп, сұхбат алынған.

Құқық қорғаушылар әзірге зерттеу Алматыда ғана тәжірибе ретінде жүргізілгенін, енді оны республика бойынша жасамақ ниетте екенін айтады. Олардың зерттеу нәтижесінде жасаған тұжырымы бойынша, жұмыста әйелдердің жыныстық бопсалауға ұшырауы өткір әлеуметтік мәселеге айналған. Сауалнамаға қатысқан 80 әйелдің 50 пайыздан астамы жұмыста кейде басшылары, 13 пайыздан астамы кейде әріптестері жыныстық бопсалаушылық әрекетін айқын білдіретінін айтқан. Ал жауап берген әр бесінші әйел өзін жыныстық қатынасқа күштеп көндіргенін айтқан.

Құқық орғаушылар осыған байланысты Қазақстан заңдарына «жыныстық бопсалау» термині мен оның анықтамасын енгізуді, мемлекеттік деңгейде осы қылмысқа қатысты халықаралық құқықты іске асыру тетіктерін құруды ұсынады. Олардың сөзінше, халықаралық органдар жыныстық бопсалауға қатысты шешім шығарғанымен, Қазақстанда оның орындалуына кепілдік беретін тетік жоқ.

XS
SM
MD
LG