Accessibility links

Терроризм айыбы тағылған тұтқын ісі бойынша сот басталды


Берік Әбдірахманов "түрме қызметкерлеріне бағынбау" ісібойынша сотта отыр. Ақтөбе, 30 қараша 2017 жыл.
Берік Әбдірахманов "түрме қызметкерлеріне бағынбау" ісібойынша сотта отыр. Ақтөбе, 30 қараша 2017 жыл.

Ақтөбенің тергеу абақтысында қамауда отырған Берік Әбдірахмановтың әйелі Гүлім Абдірахманова Азаттық тілшісіне бейсенбіде Ақтөбеде күйеуінің үстінен жаңадан қозғалған терроризмді насихаттау туралы іс бойынша сот басталғанын хабарлады.Әбдірахмановқа қарсы істі өткен жылы қазанда ҰҚК қозғап, желтоқсанның басында айып тағылған. Сотты судья Роза Күзенбаева жүргізіп жатыр. Әйелінің айтуынша, бүгінгі сот барысында күйеуі өзіне қатыстыайыптау актісімен танысқан. Келесі сот отырысы 19 қаңтарға белгіленген.

Өткен жылдың қараша және желтоқсан айларында жазасын өтеп жатқан Берік Әбдірахманов түрме қызметкерлерінің заңды талабына қасақан түрде бағынбады деген күдікке ілінген болатын. 22 желтоқсанда ол екі жылға сотталған.

Берік Әбдірахманов 2017 жылдың 7 қарашасынан бері түрме қызметкерлерінің өзін азаптағаны туралы шағым бойынша қозғалған істе жәбірленуші статусын иеленген. Бірақ әйелі күйеуінің бұл істің барысы қай деңгейге жеткенін білмейді.

Бұған дейін де, 2017 жылға дейін Берік Әбдірахманов пен оның туыстарының оны азаптауға қатысты шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді, бірақ «шағым расталмағандықтан» іс жабылған. 2017 жылдың басында ГҮлім Әбдірахманованың өзінің үстінен «көрінеу жалған ақпарат таратты» деген айыппен іс қозғалғанымен, ол кейін қылмыс құрамы жоқ болғандықтантоқтатылған.

Берік Әбдірахманов алғаш 2009 жылы қазанда алты жылға сотталған. Содан бері ол түрмеде отырғанда тағы үш іс қозғалып, түрме жазасы 10 жрым жылға ұзартылған. Соңғы үкім 2012 жылы 22 желтоқсанда шыққан.Соңғы рет ашылған терроризмді насихаттау айыбы бойынша ең аз дегенде бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Әбдірахмановтың туыстары мен құқық қорғаушылар өткен жылы түрме қызметкерлеріне бағынбау және терроризмді насихаттау айыптары бойынша қылмыстық істерді түрме әкімшілігі мен басқа да билік органдары «қолайсыз тұтқынның» жаза мерзімін ұзарту пиғылынан қозғаған болуы мүмкін деп болжайды. Мемлекеттік органдар Әбдірахмановқа қарсы жаңа қылмыстық істің саяси астары барын жоққа шығарады.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG