Accessibility links

Санкт-Петербургте Қырым татарларын қолдаған акция болды


Санкт-Петербургтегі Қырым татарларын қолдап акцияға шыққандар. 18 қаңтар 2018 жыл.
Санкт-Петербургтегі Қырым татарларын қолдап акцияға шыққандар. 18 қаңтар 2018 жыл.

Санкт-Петербургте 15 белсенді Қырым татарларын қудалауды тоқтатуды және Ресей мен Украина арасындағы халықаралық деңгейде мойындалған шекараны қалпына келтіруді талап етіп,Невский алаңында акция өткізді. Санкт-Петербургтің «Солидарность» демократиялық қозғалысының белсендісі Ольга Смирнованың айтуынша, қаңтарда Қырым белсенділерін қудалау күшейіп, Қырымда былтыр 14 қазанда жалғыз кісілік пикеттерге шыққандар қуғындала бастаған.

Қырымда арнайы қызмет белсенділерді үйінен ұстап әкетіп, тінтіп, әлеуметтік желілерде экстремистік идеяларды насихаттады деп айыптап жатыр.Петербургте акцияға шыққандар 18 қаңтарда ұсталған белсенді Гирай Куламетовті босатуды талап етті.

Акцияға шыққандар сонымен қатар «Хизб ут-Тахрир» ісі бойынша айыпталған Муслим Алиев, Эмир-Усеин Куку, Вадим Сирку, Энвер Бекиров, Рефат Алимов және Арсен Джеппаровтың басындағы жағдай туралы да айтты. Белсенділердің сөзінше, оларды Қырымнан Ресейге заңсыз әкеткен. Бұл іс бойынша Қырымда 23 адам тұтқындалған. Белсенділер қазір «Хизб ут-Тахрир» ісі бойынша қамалғандарды Қырым татарлары ғана емес, ресейлік және халықаралық құқық қорғау ұйымдары қолдау білдіріп, оларды саяси және ар-ұждан тұтқыны деп санайтынын айтты.

Пикетке қатысқандар сонымен қатар Қырымда «Хизб ут-Тахрир» ұйымына қатысы бар деген айып бойынша қудалауды тоқтатып, сотталған және тергеліп жатқан барлық саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Олар бұған қосаҚырым татарлары меджлисінің мүшесі Эскандер Бариевтің қарт әке-шешесін қудалауды тоқтатуды талап етті. Белсенділердің пікірінше, Эскандер Бариев өзінің құқық қорғау қызметімен айналысқанына байланысты қуғындалатынынан қауіптеніп, Қырымнан кетіп қалғандықтан Ресей арнайы қызметі әке-шешесі арқылы оған қысым көрсетпекке тырысып жатыр.Акцияға қатысқандар ел азаматтары Ресей билігінің Қырымға қатысты саясаты мен әрекетін парасатты түрде бағамдау үшінмұндай заң бұзушылықтарды білуі керек деп санайды.

XS
SM
MD
LG