Accessibility links

Басқарма: Ақтөбеде өртенген автобус жалға берілген


Ақтөбе облысы аумағында Шымкент - Самара күре жолында өртеніп жатқан автобус. 18 қаңтар 2018 жыл.
Ақтөбе облысы аумағында Шымкент - Самара күре жолында өртеніп жатқан автобус. 18 қаңтар 2018 жыл.

Ақтөбеде өртенген автобустың иесі Ордухан Мехтиев автобусты жолаушыларды тасымалдаушыларға жалға берген деп хабарлайды Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Өртенген автобустың автобус иесінен жалға алынғанын Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық көлік басқармасы да растады.

Автобус иесі жолаушыларды тасымалдаушылармен келісім шарт жасайды да, жүре береді. Заң бойынша тәртіп осы. Біз оны бақылай алмаймыз. Бұл тұрақты бағытта жұмыс істемейтін автобус болып саналады, - дейді көлік басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Мырзабаев.

Басқарманың бөлім басшысы Асан Жұмабаев өртенген автобустың иесі автобусты «Азия Сервис Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалға бергенін хабарлағанын айтады.

18 қаңтар күні сағат 10:30-да Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықтықта Шымкент – Самара жолында жолаушылар автобусы өртеніп, 52 адам қаза тапқан. Автобуста барлығы 57 адам – 55 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Үш жолаушы мен екі жүргізуші аман қалған.

Индустрия және даму министрлігінің хабарлауынша, 1989 жылы шыққан KassbohrerSetra маркалы автобусы Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Автобустың техникалық тексеруден өту мерзімі 2016 жылы 17 ақпанда аяқталған. Автобус тұрақты маршрут бойынша жолаушы тасымалдамаған және тұрақты емес түрде жолаушы тасымалдауға лицензиясы болмаған.

Көре отырыңыз: Соңғы бір жылда өртенген автобустар

XS
SM
MD
LG