Accessibility links

СҚО: Шенеуніктерге желіде жариялаған "ерсі" суреттерін өшіртті


Ғалым Тұрсынбаев, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы. Петропавл, 18 қаңтар 2018 жыл.
Ғалым Тұрсынбаев, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы. Петропавл, 18 қаңтар 2018 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік желілерде "ерсі" суреттер жариялаған шенеуіктерге суреттерін өшірткізіп, профилактикалық мақсатта шара жасалды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Ғалым Тұрсынбаевтың брифингте айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мониторинг жасалып тұрады. Өткен жылы мұндай мониторинг кезінде 283 «әшкере» материал анықталған.

Ол «ерсі суреттерге» мерекелік дастархан үстінде қолына ішімдік ұстап, жартылай жалаңаштанып, қолына қару ұстап суретке түскен мысалдарды келтірді. Тұрсынбаев «мемлекеттік қызметкер атына кір келтіретін» мұндай суреттер әлеуметтік желіден өшірілгенін, енді мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

XS
SM
MD
LG