Accessibility links

Министрлік автобус өртінің себебіне қатысты болжамын айтты


Ақтөбе маңында жанып кеткен автобус. 18 қаңтар 2018 жыл.
Ақтөбе маңында жанып кеткен автобус. 18 қаңтар 2018 жыл.

Ақтөбе облысында 52 адам қаза тапқан автобус өртінің алдын ала себебі жарияланды. Қазақстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, автобустағы өрт «ашық жанатын бензин құралын» пайдаланудан шыққан.

«Қайғылы оқиға орнында өрттің себебі мен мән-жайын жедел-тергеу тобы мен өрт зертханасы анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, автобус салонында ашық жанатын бензин құралы пайдаланылған. Мұны жұргізушілер мен жолаушылар растап отыр. Оқиға қылмыстық және жол-көлік апаты себебінен шықты деген болжам мүлдем терістеліп отыр» делінген министрлік хабарламасында.

Ресми мәлімет бойынша, қазірге дейін қаза тапқан 32 адамның аты-жөні анықталған.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын толық және жан-жақты тексеру үшін Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4-бөлімі («Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеліп соқтырған жол немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзу») бойынша іс қозғалған.

18 қаңтар күні сағат 10:30-да Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықтықта Шымкент – Самара жолында жолаушылар автобусы өртеніп, Өзбекстанның 52 азаматы қаза тапқан. Автобуста барлығы 57 адам – 55 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Үш жолаушы мен екі жүргізуші аман қалған.

Бұған дейін автобустағы өрттен қаза тапқан Өзбекстанның 52 азаматының мәйіті түгел Ақтөбеге жеткізіліп, аты-жөнін анықтау үшін генетикалық сараптама жасалып жатқаны хабарланған.

ВИДЕО: Автобус өртенген аймақ (19.01.2018)

Автобус өртенген аймақ
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:22 0:00

XS
SM
MD
LG