Accessibility links

Норвегия жабайы бұғыға зиян электр станциясынан бас тартты


Норвегия территориясын мекендейтін жабайы бұғы.
Норвегия территориясын мекендейтін жабайы бұғы.

Норвегия солтүстік жабайы бұғыларына зиян тигізуі деген қауіппен жел күшімен істейтін электр станцияларын салудан бас тартты. Норвегияның түстігіндегі тауларды Еуропада саны аз қалған солтүстік жабайы бұғылары мекендейді. Энергетика министрлігінің жобасы бойынша халық аз қоныстанған Байгланд муниципалитетінде бизнесті дамыту үшін қуаты 120 мегаватт (МВт) болатын электр станциясын салу көзделген. Бірақ ол жер бұғылар мекендейтін қорыққа жақын орналасқан.

Норвегияның қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметінше, елдің түстігіндегі тауларда 35 мыңға жуық бұғы бар. Бұл жер жабайы жануардың тіршілік ететін соңғы мекеніне айналған. Автокөлік жолдары, теміржол, су қоймалары мен жаздық саяжайлар бұғылар табынына теріс әсер еткен.

Теміржол бойында өліп жатқан бұғылар. Норвегия, 25 қараша 2017 жыл.
Теміржол бойында өліп жатқан бұғылар. Норвегия, 25 қараша 2017 жыл.

Өткен жылы қараша айында бір аптаның ішінде Норвегияда шамамен 110 бұғыны сегіз жүк пойызы басып өлтірген. Солтүстік Арктиканың байырғы тұрғындары – саамдар бұғыны еті мен терісі үшін өсіреді. Қыс мезгіліндегі жайылымдық жерде аяз бен жылымық ауа райының жиі құбылып, климаттың өзгеруі де бұғы санына әсер ететін фактор саналады.

Соңғы жылдары Норвегияның түстігінде жел күшімен істейтін электр станцияларын салуға деген ынта артып отыр. Норвегияға 2017 жылы бұл ауданда жалпы қуаты 141 МВт құрайтын желмен істейтін екі электр станциясының құрылысын салуға лицензия берілген. Норвегия өзінде өндірілетін электр қуатының артылған бөлігін Нидерлан және солтүстіктегі өзге елдерге де сатады. Ішкі нарықта тұтынатын электр қуатының 99 пайызға жуығын су электр станциялары өндіреді.

XS
SM
MD
LG