Accessibility links

Пентагон басшысы: Ресей мен Қытай – ревизионистік елдер


АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис
АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис

АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Ресей мен Қытайды "ревизионистік державалар" деп атап, АҚШ әскери стратегиясының негізгі назары терроризммен күрестен қайтадан "ұлы державалар жарысына" қарай ауатынын айтқан. Мэттис бұл туралы АҚШ-тың жақын жылдарға арналған әскери жоспарының картасы іспеттес маңызды саяси құжат – Пентагонның ұлттық қорғаныс стратегиясын жариялағанда мәлімдеген.

"Біз терроршыларға қарсы науқанды жалғастырамыз, бірақ қазіргі кезде АҚШ ұлттық қауіпсіздігінің негізгі бағыты терроризм мәселесі емес, державалар арасындағы үдеп келе жатқан бәсекелестік болмақ", - деген Мэттис.

Ол Қытай мен Ресейді "өздерінің авторитарлық моделіне сәйкес келетін" әлем құруды көксейтін "ревизионистік державалар" деп атаған.

Өз сөзінде Мэттис Пентагон 2001 жылғы 11 қыркүйекте жасалған терактілерден кейін шамамен соңғы 17 жылы бойы АҚШ әскери саясатын жоспарлағанда басты назарда болған терроризммен күрестен басқаға қарай бет бұратынын айтқан.

XS
SM
MD
LG