Accessibility links

Өзбекстанда "Сирияға адам жиған" деген күдікпен екеу ұсталды


Жол бойында тұрған өзбек полицейлері. (Көрнекі сурет.)
Жол бойында тұрған өзбек полицейлері. (Көрнекі сурет.)

Өзбекстан арнайы қызметі шетелдегі қарулы топтарға адам жинаумен айналысқан деген күдікпен екі адамды ұстаған. "Өзбекстан 24" мемлекеттік телеарнасы күдіктілер Сириядағы "Әл-Таухид уәл-Жихад" тобымен Facebook әлеуметтік желісі арқылы байланыста болған және содырлардан қаржылай қолдау алған деп хабарлады. Күдіктілердің аты-жөні жарияланған жоқ. Мемлекеттік телеарна таратқан ақпаратта күдіктілердің Тәшкентте тұратын Өзбекстан азаматтары екені ғана айтылған.

Олар экстремистік топтарға қатысы бар және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін материалдар таратқан деген күдікке іліккен. Өзбекстан баспасөз құралдары күш құрылымдары ұсталған екеудің "ықпалына түскен" деген күдікпен тағы 23 адамды тексеріп жатыр деп хабарлайды. Тексерудің жай-жапсары айтылмайды.

Кей мәліметтер бойынша, Сирия мен Ирактағы исламшыл қарулы топтардың қатарына Өзбекстаннан бір жарым мыңға жуық адам барып қосылған. 2017 жылы Нью-Йорк, Стокгольм және Стамбул қалаларында жасалған терактілерге Өзбекстаннан шыққан адамдар да қатысқаны туралы хабарланған.

XS
SM
MD
LG