Accessibility links

Гутерриш Орталық Азиядағы "теңсіздікпен" күресуге шақырды


БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша отырыста "теңсіздік, кедейшілік пен кемсітушілікпен" күрестің терроризм мен экстремизмге қарсы тұруда шешуші маңызға ие екенін айтты.

19 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің аймақтағы әріптестік мәселелері бойынша өткен отырысында Гутерриш Орталық Азия елдерінің Ауғанстанмен әріптестігін, соның ішінде қауіпсіздікке қатысты күш-жігер жұмсауын жоғары бағалады. Бұл отырыс осы айда Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететін Қазақстанның бастамасы бойынша шақырылған.

"Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстанға өткен жылы маусымда жасаған сапарым барысында жаңа екіжақты және аймақтық байланыстар мен аймақтағы серпіннің жақсара түскеніне куә болдым" деген Гутерриш. Ол баршаны қамтитын тұрақты дамуды іргелі мақсат ретінде атаған.

"Дағдарыстың негізгі себептерін, соның ішінде теңсіздік, кедейшілік пен кемсітушілікті жою арқылы терроризм мен экстремизмге төтеп бере алатын бейбіт қоғам құра аламыз", - деп мәлімдеген БҰҰ бас хатшысы.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Батыс елдерін энергетика мен қауіпсіздік салаларына қатысты стратегиялық мүдделеріне басымдық беріп, Орталық Азия үкіметтерінің адам құқықтарын бұзу проблемаларына жеткілікті назар аудармайды деп жиі сынайды.

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG