Accessibility links

IBU Қазақстан биатлон құрамасына қатысты тексеріс бастады


Қазақстан құрамасының мүшесі Галина Вишневская (4 нөмерде) Швециядағы әлем кубогы кезеңе қатысып жатқан сәті. 26 қараша 2017 жыл.
Қазақстан құрамасының мүшесі Галина Вишневская (4 нөмерде) Швециядағы әлем кубогы кезеңе қатысып жатқан сәті. 26 қараша 2017 жыл.

IBU (Халықаралық биатлон одағы) Қазақстан биатлон құрамасына қатысты допингке қарсы тексеру бастады. Бұл туралы одақтың ресми сайты хабарлады.

20 қаңтарда Италия полициясы Антхольц қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезінде Қазақстан құрамасы тоқтаған ғимарат пен көліктерін тінтіген. Тексеруге Больцано прокуратурасы ордер берген. Прокуратура Австрия құқық қорғау органдарының есебіне сүйенген.

IBU хабарлауынша, осы тінтуден кейін допингке қарсы тексеріс басталған. Тексеріс нәтижесі әлі белгісіз.

Қазақстан биатлон құрамасының мүшесі Галина Вишневскаяның халықаралық агенттіктерге "полиция таңғы 7-де келіп, тексеріп кетті. Бірақ ештеңе таппады. Жай ғана тексерді" деген.

2017 жылы 8 ақпанда Австрия полициясы Хохфильцен қаласында Қазақстан биатлон құрамасы тоқтаған қонақ үйді тексергенін хабарлаған. 23 қаңтарда Германияның Инцель қаласы маңындағы жанармай құю станциясы маңынан дәрі-дәрмектер, медициналық құрылғылар және Қазақстан биатлон құрамасы дәрігерінің аккредитациясы табылған. Осыдан кейін Австрия полициясы Қазақстан биатлон құрамасына тексеру жүргізген. Ал Австрия допингке қарсы агенттігі қазақстандық биатлоншыларының барлығын допингке тексерген. Тексеру кезінде спортшылардың сынамасынан допинг табылмаған.

XS
SM
MD
LG